Эсселер ✍️
Бүгін айтулы күн — Ғашықтар мерекесі
Бүгін жүректері бір соғатын, сезімдері жалындаған, көңілдері алып ұшып шығардай бір-біріне ынтық болып жүрген Ғашықтар күні. Ғашықтар күні елімізде осыдан 20 жыл бұрындары әр аймақта әр түрлі күндері аталып жүрген болатын. Тіпті кейбіреулері 14 ақпан «Валентин» күнін де атап, Ғашықтар күні құтты болсын деп құттықтасып жатқандар да болды. Олардың ішінде өзіміздің атақты ғашықтарымыз Қозы Көрпеш Баян Сұлу, Төлеген мен қыз Жібек, Еңлік пенен Кебек сынды ғашықтардың бейнелерін кітаптан не болмаса теледидардан киносын көріп солар сияқты ғашық болуды армандамайтын жан болған жоқ шығар...
Елімізде ресми түрде мемлекеттік атаулы күндерге қосылып, Ғашықтар күнінің аталып өтілетін күні тек 2011 жылы ресми түнде 15 сәуір болып бекітіледі. Бұл күн Қозы Көрпеш — Баян Сұлудың ғашықтық бейнелеріне негізделіп алынған. Дәл осы күн, яғни 15 сәуір бұрын соңды мемлекеттік деңгейде ерекшеленіп, ешқандай мереке, атаулы күндердің қатарына енбеген. Осылай бастау алған 15 сәуір сол 2011 жылдан бастап жыл санап өсіп, Ғашықтар күні дәл осы күні деп аталып өтілетін, бірін-бірі құттықтайтын ғашықтар қатары әр жылда көбейіп, етегін кеңге жаюда. Әрине бұл жағдай жанымызға қуаныш ұялатып, бір-біріне ғашық жандардың бір-біріне деген құрметі мен сыйластығын арттып, жас отбасылардың тамыр жайып өсуіне зор ықпалын тизіп жатыр десек қате айтпағанымыз болар. Бүгінде бұл мейрамды тек жастар ғана емес, отбасы құрғандарына талай жыл өткен үлкен аға-апаларымыз да атап өтіп, мерекені тойлауда.
Жыл өткен сайын тамырын тереңге жайып, көгеріп өніп-өсіп келе жатқан 15 сәуір Ғашықтар күні құтты болсын баршаңызға! Елімізде бірін-бірі сыйлайтын, бірін-бірі түсінетін ғашық жандар мен сол ғашықтық сезімдері арқасында отбасы болып, шаңырақ көтеріп жатқан жастарымыз көбейе берсін! Ғашықтар күні тағы да құтты болсын!
«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан» газетінің бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter