ИСТИХАРА (КӨМЕК СҰРАУ) НАМАЗЫНЫҢ ДҰҒАСЫ
Жәбір ибн Абдуллаһ (одан Алла разы болсын) былай деген:
“Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге барлық істерде Құран сүрелерінің бірін мұқият үйреткеніндей (Аллаһ Тағаладан) истихара сұрауды үйретіп, былай дейтін еді: “Егер сіздерден бір кісі (қандай да) бір істі бастамақ болса, парыз етілмеген екі рәкат истихара намазын оқысын да, кейін былай десін:
“Аллаһуммә инни әс-тәхирукә биъилмикә, уә әстәқдирукә биқудратикә, уә әс-әлукә мин-фәдликәлъазыйми, фә иннәкә тәқдиру уә лә әқдиру уә тәъләму, уә лә әъләму, уә әнтә ъәлләмул-ғуюби, Аллаһуммә инкунтә тәъләму әннә һәзәл- әмра (...) хайрун ли фи ди-ни уә мәъа-ши уә ъақибәти әмри: ъажилиһи уә әжилиһи фәқдурһу ли уә яссирһу ли суммә бәрик ли фиһи, уә ин кунтә тәъләму әннә һәзәл-әмра (...) шәррун лә фи ди-ни уә мәъа-ши уә ъақибәти әмри:
ъажилиһи уә әжилиһи – фәсрыифһу ъанни уәсрыифни ъанһу уәқдурлиәлхайра хайсу кәнә суммә ардый-ни биһи”.
Мағынасы: “Ей, Алла! Маған іліміңмен игілік бергейсің, құдіретіңмен мені қуатты еткейсің, кең пейіліңмен мені қуанышты еткейсің. Расында менің күш-құдіретім (түкке) жетпейді. Мен (еш нәрсені) білмеймін, ал Сен барлық нәрсені білесің. Әрі Сен көместерді де толық көрушісің. Ей, Алла! Сен білушісің егер бұл іс (өз қажетін айтады) дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында, немесе былай дейді: “Қазіргі (өмір тіршілігімде немесе келешекте) (бұл іс) мен үшін қайырлы болса, оны маған нәсіп ете гөр! Әрі (ол істі) маған оңтайлы етіп, кейін оны мен үшін берекелі ет! Ал егер бұл істің дінім, тіршілігім, істерімнің соңында, (немесе былай дейді: Қазіргі өмір тіршілігімде немесе келешекте) мен үшін жаман болса, оны менен алыстата гөр! Әрі мені де одан аулақ ет! Қай жерде болса да мен үшін жақсылықты нәсіп ет те, мені сол жақсылықпен разы ете гөр!”
«Истихара» оқып әрі үлкендермен ақылдасып өз ісінің дұрыс екендігіне көз жеткізген кісі өкінбейді. Кемшілік атаулыдан пәк Иеміз былай деген:
“Іс жөнінде олармен (үлкендермен) кеңес ет, сонымен қашан (орындауға) шешім берсең, Аллаға тәуекел ет” (“Әлі Имран” сүресі, 159-аят).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter