СӘЛЕМ БЕРУДЕН БҰРЫН ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА
“Аллаһуммә инни әъузу бикә мин ъазәбил-қабр, уә мин ъазәби жәһәннәм, уә мин фитнәтил махйа уәлмәмәт, уә мин шәрри фитнәтил мәсихид-дәжжәл”.
Мағынасы: Ей, Алла! Қабір азабынан, жәһәннәм азабынан, өмір мен өлім бүлігінен және Мәсіх Дәжжәл жамандығының кесірінен сақта, деп Өзіңе сыйынамын.
“Аллаһуммә инни әъузу бикә мин ъазәбил- қабри, уә аъузу бикә мин фитнәтил- мәси-хид –дәжжәли, уә әъузу бикә мин фитнәтил –мәхйя уәлмәмәти. Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл мә›сәми уәл-мәғрам”.
Мағынасы:
Ей, Алла! Қабір азабынан сақтай гөр деп Өзіңе сыйынамын. Сондай-ақ, Мәсіх Дәжжәлдың жамандығынан және өмір мен өлім бүлігінен сақтағын деп Өзіңе сыйынамын. Ей, Алла! Шын мәнінде ен күнә мен қарызданып қалудан Өзіңнен пана сұраймын.
“Аллаһуммә инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфируз-зунубә иллә әнтә. Фәғ-фир ли мәғ-фиратәнмин ъиндикә уәр-хамни иннәкә әнтәл ғафурур- рахим”.
Мағынасы:
Ей, Алла! Шын мәнінде мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де маған рақым ет. Расында Сен аса жарылқаушы, ерекше мейірімдісің.
“Аллаһуммә әъинни ъалә зикрикә, уә шукрикә, уә хусни ъибәдәтик”.
Мағынасы: Ей, Алла! Өзіңді еске алуға, Өзіңе шүкіршілік етуге әрі Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем бер.
“Аллаһуммә инни әъузу бикә минәлбухли, уә әъузу бикә минәл- жубни, уә әъузу бикә мин ән ураддә илә әр-зәлилъумри, уә әъузу бикә мин фитнәтиддунйа уә ъазәбил-қабр”.
Мағынасы:
Ей, Алла! Мен сараңдықтан Саған сыйынамын, әрі қорқақтықтан саған сыйынамын және ғұмырдың ең қор шағына оралуымнан сондай-ақ, дүние бүлігінің кесірінен және қабір азабынан Өзіңе сыйынамын.
“Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә әъузу бикә минән-нәр”.
Мағынасы:
Ей, Алла! Сенен жәннәтті сұраймын, әрі тозақ отынан Өзіңе сыйынамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter