file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Аңыздар ✍️

  03.04.2023
  365


Автор: Серікбай Оспанов

Бұлақ туралы аңыз

Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Керік мойны келтеде
Өзіміздің өлкеде
Сөзімен де ісімен
Бəріне елдің ұнаған,
Тіл табысқыш кісімен
Сүріпті өмір бір адам.
Сыйлап үлкенді өзінен,
Қолына су құйыпты.
Жап-жас бала кезінен
Болыпты елге сүйікті.
Гүлді, ағашты шөлдеген
 
Көрсе, сумен қандырып,
Ол бір тыным көрмеген
Қайырымымен таң қалып.
Таңнан да ерте тұрыпты,
Су құйыпты егіске.
Егін бітік шығыпты,
Толыпты ағаш жеміске.
Біреу кінə тағыпты
Деп: «Судан құрақ көп!»
Бірі ақтап алыпты:
«Жо-жоқ, бұл ма, бұл-ақ!» – деп.
Іздеп кінə, таппапты
– Бұл – ақ!
– Бұл – ақ!
– Бұл – ақ! – деп
Бəрі сосын жақтапты.
– Бұл – ақ!
– Бұл – ақ!
– Бұл – ақ! – деп
Ісін айтып мақтапты.
Жас бала елге жанашыр
Солай Бұлақ атанып,
Өтсе де енді сан ғасыр,
Айтады ісін бар халық.
Гүл өсіріп далаға,
Бопты ол кейін атақты.
Ұқсаған сол балаға
Суды ел «бұлақ» атапты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу