Өлеңдер ✍️

  02.04.2023
  541


Автор: Серікбай Оспанов

Бірлік

Бес саусақ оң қолда,
Бес саусақ сол қолда
Тілектес болғанда –
Айналар қорғанға!
Салынар қалалар,
Салынар жолдар да!
Дүние құлпырып,
Жайқалар орман да!
Бес саусақ оң қолда,
Бес саусақ сол қолда
Не жетер бірігіп,
Тілектес болғанға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу