02.04.2023
  351


Автор: Сократ

Мағынасын қартайғанда түсінетін Сократтың 5 данышпан сөз саптауы

Көп адам Сократтың тың, батыл ойлары үшін, әсіре діншіл болмағаны үшін, зорлықпен у ішіп өлгенін біле бермейді, ал оның жұбайының мінезі шатақтау еді. Күйеуінен 40 жас кіші болса да, оны адам ғұрлы көрмейтін. Жұрт тар одан неге әйеліңнің осы шатақ мінезін көтересіңғ деп сұрағанында, ол:
«Жақсы шабандоз боламын деген адам әдетте жуас атқа мінбейді, қайта асау атты ауыздықтап, ерттеп мінгенді жақсы көреді, себебі ол асау атты ауыздықтаса, кейін кез-келген атты еркін міне береді деген сөз.
Сол секілді мен адамдармен тату өмір сүруді алдыма мақсат етіп қойған болатынмын: сондықтан Ксантиппаға үйлендім, оның мінез-тұрқына үйренсем, басқа кез-келген адаммен тіл-табыса аламын ғой деп».
Келісесіз бе, біз, әзіргі адамдар басқаша өмір сүрудеміз. Өзімізше үнемі дегенімізге көнуге бейім адамдармен араласамыз, үшкір бұрыштарды айналып, ұрыс-керіс болуы мүмкін жерден қашып кетеміз. Ондай адамдармен тіл табысып, үйреніп, үйкеліп, қажет кезде кері шегініп, жол беріп жатуға уақытымыз жоқ, ондай ниетіміз жоқ, қысқаша айтқанда оған ерінеміз. Одан гөрі ұрысқақ адаммен ажырасып, басқа адам іздейміз.
Сократтың ақылы жүйрік еді, өмірге басқа көзғараспен қарайтын, сондықтан оның ойлары күні бүгінге дейін танымал. Бірақ осы ойларды бірден түсінбейсің, көп адамның ақылы жарты өмірі өткен кезде, немесе қартайған кезінде барып нұрланады.
Әңгіме ақшада еместігі жайында
Көп адам, егер банкте көп ақшасы болса, сатуға болатын жылжымайтын мүлігі болса, сосын дүкендегі баға оны шошытпайтын болса, өмірде жолым болды деп есептейді. Көп жағдайдан мол қаражатың боп тұрса қиналмай шығуға немесе алдын алуға болады. Бірақ бұл бір елес қана. Байлар да жылайды. Олардың да шеше алмай тұрған мәселелері жетеді. Бұл жөнінде Сократ былай деген:
Ақшаға төсек сатып алуың мүмкін - бірақ ұйқы сатып ала алмайсың; тамақ ала аласың - бірақ өкінішке орай тәбет сатып ала алмайсың; дәрі аласың - бірақ денсаулық сатып ала алмайсың; ақыға қызметкер ала аласың - бірақ дос сатып ала алмайсың, сұлу әйелің болуы мүмкін - бірақ махаббат сатып ала алмайсың, баспанаң болуы мүмкін – бірақ отбасылық жайлылық емес; ойын-ермек сатып алуға болады – бірақ қуаныш сатып ала алмайсың; Мұғалім жалдауға болады – бірақ ақыл сатып ала алмайсың.
Күң фу цзы деген тағы бір ойшыл есіме түсіп жатыр. Ол:
«Жаныңа жақын жұмыс тап, сонда бір де бір күнің босқа өтпейді»-депті.
Өкінішке орай біздің елде еңбек бағаланбай тұр. Әңгіме сенің ақшаны уақыт пен энергияға түрлендіре аласың ба, сонда боп тұр. Өкінішке орай көп адамдар ұнатпайтын мамандықты оқып үйренеді, сосын өмір бойы жақтырмайтын жұмысты істеп жүргені.
Әңгіменің қызығы, өзіңді ерекше ақылды санап жүріп, ұтылып қалатыныңда. Өз ісіңді жақсы көрмесең, онда жоғары жетістіктерге жете алмайсың. Жоғары деңгейге жетіп, алға ұмтылмаған соң – ақша болмайды. Ақшаң жоқ болған соң – мүмкіндігің де жоқ. Сондай бір тұйық.
Мысалы ұлым мультипликатор болғым келеді десе, ол екінші Уолт Дисней боп қала ма деген менде күмән туады. Одан гөрі заңгер бол деймін оған. Сол арқылы оның тағдырын балталаймын ба? Немесе асығыс-үсігіс жасаған тірліктен тыямын ба? Түсініксіз...
Адамдарға қалай қарау керегі жөнінде
«Ешкім бізге дұшпан да емес, дос та емес, есесіне барлық адам бізге ұстаз»
Егер жасымыздан осы сөзбен қаруланар болсақ, қаншама өкпеден құтылып, қаншама жүйкемізді үнемдер едік. Адамдар мықты қазына болып, біз солардан күш алар едік. Сондай қара үйір шұңқыр (воронка) болып, бойымыздағы бар күшті тартып алып, орнына ештеңе бермес еді.


Өткен өміріме қарап отырып, қаншама беделді мұғалімдер, қатал бастықтар мен жауапсыз еркектер шынында да маған көп нәрсе үйреткенін байқадым. Сосын мейірім, құрмет, нәзіктіктерді дұрыс бағалап, осындай жанның қасиеттері өзінен өзі болмайтынын түсінгеніміз дұрыс.
Омар Хайям жазғанындай:
Өмір кім көп таяқ жесе, сол молшылыққа қол жеткізеді,
Бір пұт тұз тауысқан адам, балдың қадірін біледі.
Көп жылаған адам, шынымен көңілденіп күле алады,
Өліп-тірілген адам, өмір сүріп жатқанын түсінеді.
Қалай бақытты адам болуға болады.
Адамдар үйлесімділік пен тепе-теңдікте болу үшін қаншама күш жұмсайды. Шырын су аққан өзеннің жанында сүт ағады. Сосын гүлзардағы гүлдей боп жайқалып өмір кешеді, бірақ өмір бойы күткен бақыты құрғыр сол күйі жоқ. Тек ит тіршіліктегі жалған қуаныш қана, одан келіп-кетер ештеңе жоқ. Сосын, өмір сүрген жан, бақыттың татқан дәм екенін, қатты соққан бораннан кейінгі ауа-райының тыңшуы екенін түсінеді, түннен кейінгі атқан таң, аяздан соңғы жылы күн секілді. Оны байқау үшін қарама-қарсылық керек.
Иван Тургенев жазғандай: «Бақыт денсаулық секілді. Егер оның бар жоғын байқамайтын болсаң, демек ол сенде бар деген сөз».
Ал Сократ былай дейді:
Әдетте біз қалай ойлаймыз: егер бақытсызбын деп есептесең, сенде бақыт жоқ деп есептейміз. Ал егер ол сенде жоқ болатын болса, бар да ізде оны. Оған қарама-қарсы пікір не дейді: егер бақытты іздейтін болсаң, оны жоғалтасың! Отыр да ойлан, ол сенде бар.
Бақытты адам болу үшін завод сатып алудың, әлемдегі ең атақты адам болудың немесе Оскарды жеңіп алудың қажеті жоқ. Сократтың айтуынша жан-дүниеңді жақсылап тазалап, ондағы керексіз қызғаныш, көреалмастық, өкпе-наздың бәрін лақтырып тастасаң жеткілікті:
Ең бақытты адам - кеудесіне зұлымдық жолатпаған жан.


Meditation Musik
аударған Жүрсін Кәрім




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу