Әңгімелер ✍️
Теріс бата - 2 бөлім
Қабырғасы сынған Ғани қанша күн жатсада, ауруына шыдап, балалары көз алдына аштықтан жылағанына шыдамай, өзі қызмет еткен байдың үйіне ұрлыққа түскен еді. Бар арманы балаларының қарны бір тойса деген ойы..
Түнделетіп әкелген қозыны сойып, етін қазанға салған ананың қуанышы қойнына сыймай жүр. Дәмді еттің иісі мұрындарын жарған байғұс балалар ұйқысынан оянып, бір-бірлерін құшақтай, тамақ жейтіндеріне қуанып жатты.
Сағат таңғы төрттің шамасы. Жас қозының еті әп-сәтте былбырап пісіп, неше күн тамақтың дәмін көрмеген балалар тоя ауқаттанып алып, әкесін құшақтай(соңғы рет құшақтауы) беттеріне қан жүгірген балалардың жүздері шаттыққа бөленіп, тәтті ұйқыға кеткен еді.
Тәтті ұйқыдағы періштелердің ұйқысын бұзған, байдың шоқпарлары, көне лашықтың есігін теуіп кіріп:
—Әй, ұры! Ішкен құдығыңа түкіргенің қалай?-деп қамшымен Ғаниды балаларының көзінше сабай жөнелді. Онан қалды жағаласып қасындағылар теуіп, ұрып жатты.
Әйелімен балаларының айқайына қарайтын олар ма?! Анау сараң байдың шашбауын көтеріп жүргендер, Ғанидың ұлдарын желкелеп тұрып сүйреп алып барады. Әліде буыны қатпаған сегіз, тоғыз жастағы балалар ғой.
—Ей ұры, ұрлаған малыңның ақысын мына ұлдарың өтейтін болады!-деп екі ұлды сүйреп алып барады.
Беті аузы қан жоса болған Ғанидың тұруға шамасы жоқ. Кешірім сұрап, жылаған әйелді де қамшымен арқасынан осып жіберді. Сұлқ етіп құлаған ана, еңбектеген күйі олардың ізінен сүйретіліп:
—Құлың болайын, балаларымды босатшы!-деп жалынса да еш қайран болмады.
Ол екі ұлды әрине қозы бағуға, яғни құлдыққа алып кетіп барады. Ауылдағы беделді кісіге ешкім ештеңе дей алмайды. Бәрі соның сөзін сөйлейді. Сол заманда адамдардың надандығы болар, милиция дегенге баруды білмейді. Білгеннің өзінде де қай жаққа, қандай қалаға баруды білмейтін сорлы ана жылаумен күндерін өткізіп жатты.Көз ашқалы мал бағып,өмір сүрген әйелді түсінуге болады. Ғанидың жағдайы күн сайын нашарлап, ана өмірге аттанбақ. Ғұмырының санаулы екенін іштей біліп жатыр. Әйеліне тесіле қараған жанарымен, кешірім сұрағандай. Әлсіз дауыспен:
—Елден кет!-деген сөзді әзер бөліп айтты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter