Әңгімелер ✍️
Бизнесменнің тоқалы - 1 бөлім
Анам мен сіңілім үшеуміз кішкентайымыздан көп қиындық көрдік. Сіңілім екеуміздің көретініміз зорлық, зомбылық. Анам мен әкемнің ұрысы, анамның қиналып жылағаны. Бізге бұның бәрі оңайға соққан жоқ. Жә, түсінікті болуы үшін дұрыстап, басынан айтайын.
Менің анам 16 жасында бір бизнесменге(қазіргі әкем) тоқал болып, тұрмысқа шығады. Анама бөлек үй жолдап беріп, әкем екі жақта жүреді. Әкемнің бірінші әйелінен де ұл қыздары бар. Әйелі тоқалы барын білмейтін көрінеді. Кейін сіңілім туылған соң ғана біз жайлы шындықты әкем оған өз аузымен айтып беріпті. Одан кейін барлығы өзгерді. Сіңілім екеуміздің арамыз бір жарым жас. Екеумізде ешнәрсені білмейміз. Тым кішкентаймыз.
Әкем әйеліне айтқан соң ол үлкен жанжал шығарды. Соңында әкеме шарт қояды. Не мен, не ол! деп... Естуімше әкемнің бүкіл байлығы да, даңқы да, бөрге домалап жатқан бизнесі де, сол әйелдің жеке меншігінде. Байлыққа құмартқан әкем, сол сөзден соң бізді емес сол әйелді таңдап кетті. Оған өкпем жоқ. Бұрыннан отасқан жары. Бірақ анама әлі күнге реніші бар. Неге тоқал болып тидің, соңында осындай бірдеме болары сөзсіз ғой, деп...
Өз әйелін таңдаған соң, әкем бізге мүлде жоламады. Баяғыдай қаржымен азық-түлік, киім кешекпен қамтамасыз ететін, ер жоқ. Сол себепті анам қатты қиналып қалды. Кейін нағашы әжем ұлы мен келініне қара шаңырақты беріп, біздің жанымызға келді. Әжемнің зейнетақысымен ес жиғандай болдық. Әжем сіңілім екеумізге қарап, анам біраз уақыт жұмыс істеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter