Өлеңдер ✍️

  03.03.2023
  280


Автор: Болат Құрсақбай

Наурыз келді

Науырыз келді ағайын, ырыс келді.
Бусандырып ақ желек күміс жерді.
Қыраттарда қасат қар тершіп жатса,
Күңгейлер де бәйшешек бүршіктеді.

Науырыз келді, береке бірлік келді.
Онсегіз мың ғаламға тірлік келді.
Ұзын сары құдаға сақтап қойған,
Алып шықты, әз әже жіліктерді.

Науырыз келді, құт келді, қуат келді.
Маужырап күн, манаурап шуақ келді.
Қыдыр ата қыдырып әр ауылды,
Берекеге шақырды мұратты елді.

Науырыз келді, әр үйде қазан қайнап.
Қыстан аман шыққанын жатыр тойлап.
Күнменен түн теңеліп науырызда.
Мәре-сәре Халық жүр куліп ойнап.

Болат Құрсақбай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу