Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.02.2023
719
Аққала
Өлім бізге жетеді,
Келіп-кеткен борандатқан қыс небір.
Өтеді де кетеді,
Аққаланың ғұмырындай қысқа өмір!
Қысқа өмірің-Аққала...
Ақ жүзінде екі қара дағы бар,
Күнə-дақтан сақтана,
Ерте кеткен кей пенденің бағы бар.
Əуел баста тік тұрды,
Сол аққала хас сарбаздай бақылап.
Соңғы сəтімді ұқтырды,
Орнындағы қалған уыс топырақ.
09.12.2016ж.
Фархад Мусаев
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter