Өлеңдер ✍️

  13.02.2023
  581


Автор: Насыреддин Қожырбайұлы

Сұрапыл зұлмат

Қам көңіл жүрек тулайды,
Жер ана көзін сулайды.
Допша атып сұм тағдыр,
Талай сүйек қурайды.

Сағым белде сары дала,
Сағым қуған мұң бала,
Сарғайып кетті ау үміті,
Бұрылды тағдыр бұлдана.

Жүрегі семген, бауыр тас,
Қатырып басын, ауырмас.
Менің үйім шет жақта,
Қайтейін болсаң бауырлас.

Олай деме, жоқ пендем!
Мың асқанды мен жеңгем
Күйсегенің құрысын,
Болсаң қойым, сен сенген.

Ей адамзат дабыл соқ,
Соқыр тиын құның жоқ.
Сұрапыл зұлмат кешегі,
Саған атқан жебе, оқ.

Бірлік керек бірігің,
Іс ғой ол тірінің,
Жыласын жоқтап мың аға,
Келмеске кетсе бір інің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу