Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.02.2023
480
ТАУҒА АСЫҒУ
Тауларға шыққым келіп жүр,
Жасыл сай, бұйра бұлақты.
Сарала сағым аунаған,
Сағындым салқын қыратты.
Тауларға барғым келеді,
Тас бастау маған ең керек.
Жанымның өксіп өлеңі,
Пендемен жүрмін, пенде боп.
Сағыныш мұңға алмасты,
Таудағы келмес әр ақ таң.
Адамның бәрі алжасты,
тәңірі адал жаратқан.
Сәбилік ойдан кетпейді,
Тайынша-тайға мінген дұр.
Көкірегімде көктейді,
Ерменнің нілі сіңген жыр.
Таудың киесі жыр еккен,
Сезімге жаным себеді от.
Жарық іздеген түнектен,
Тағдырым сайтан көбелек.
Тараған таудай әулеттен,
Жұмыртқасы едік шайқаған.
(таудың елдерін тау деп мен)
Бүгіндер қалай айта алам?
Құзарын қиса бұл тағдыр,
Көкжиегінен көрем бақ,
Асқақтап қарап тұрсам бір,
Пенделік біткен төмен қап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter