Өлеңдер ✍️
ҚАРА НӨСЕР
Қара нөсер көктің сиы шашылдың,
Қүдіретсің ғұзырыңа бас ұрдым.
Таң алдында тырсылыңнан оянып,
Мұң құшақтап төсегімде жатырмын.
Қара нөсер төпелейсің қаншалық,
Көк тасқыным жатыр саған қарсы ағып.
Талай тұрғам еріндерім кеберсіп,
Көкшіл аспан айдынына тамсанып.
Қара нөсер жауабы жоқ сұрақ бұл,
Жалқы жанның қайғысына құлақ түр.
Қасіреттен қарс айырылып жұрегім,
Жыртық үйдің төбесі де жылап тұр.
Қара нөсер сен көгімді бүркедің,
Амалым не көз жасымды іркемін.
Қара аспанның өзгереме реңі?
Түтанады жұрегімде білте мұң.
Қара нөсер дәмің сондай кермек тым,
Заһардайсың ішіндегі шөлмектің.
Тамырларын улап жатқан сяқты,
Тағдырын да талқыға сап жер-көктің.
Қара нөсер...
Құиып кетті қағынған
Алжыды аспан ақыл-естен жаңылған.
Аласапыран үстемдігің аяқтап,
Қашан ғана түсесің сен тағыңнан?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter