Өлеңдер ✍️

  08.02.2023
  191


Автор: Тұрдыхан Айдарханұлы

ТАҢҒЫ ШЫҚТАР

 


 


Таң мен түннің жаралған арасында,


таңғы шықтай ғұмырым нанасың ба?!


тамшы тірлік гүлдердің таңдайында,


мөлдірейсің бұлақтың жағасында.


 


Мөлтілдеген мөлдірім төгілмегін,


төгілгенің үзгенің өмір демін.


Сенің титтей шараңа сияды аспан,


барқыт түннің сезінсе сөгілгенін.


 


Сенің титтей шараңа сияды аспан,


Кінаң болса пәш қылар қия басқан.


жұдырықтай, жол сілтер жүрегіңе,


жұмыр жердің бетінде жиі адасқан.


 


Тыныштықтың тыңдатып шырын әнін,


тіптен бізге ұнайды тұнығаның.


тағдырыңнан таңғы шық алаңдаймын,


қызыл желі соққанда құбыланың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу