file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  05.02.2023
  305


Автор: Түркі халықтары

Жеті басты – жалмауыз.
(Бөке – айдаһар, жалмауыз).


 



Ябақулар үлкендерін Бөкə Бұдраж деп атайтындары сияқты, кейбір батырларды да осылай атайды. Бөкə Бұдражбен бірге болған кəпірлердің саны жеті жүз мың еді.
Қырық мың ғана əскері бар Арыстан Тегін Қазыға қарсы болған соғыста Тəңір оларға масқара жеңіліс тапқызды.
Мен сол соғысқа қатынасқан кісіден кəпірлер соншалықты көп бола тұрып, қалай жеңіліп қалды деп сұрадым. Ол:
– Біз де бұған қайран қалдық. Жеңіліс тапқан кісілерден «Сендер соншалықты көп бола тұрып, не себепті жеңіліп қалдыңдар?» – деп сұрасақ, олар: «Барабан соғылып, керней тартылып, соғыс басталғанда төбемізден төніп келе жатқан ғаламат үлкен тауды көрдік. Ол таудың ашық тұрған сан-санақсыз есігі бар еді. Сол есіктен жаһанамның жалыны шашылып, біздің құт-берекемізді қашырды. Қатты қорқып кеттік. Сөйтіп бізді жеңдіңіздер!» – деді.
Мен мұны пайғамбарымыздың мұсылмандарына жасаған жақсылығы деп түсіндім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу