file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  28.01.2023
  434


Автор: Арман Тосқанбаев

Стив Джобстың соңғы сөздері

Өмірдегі ең құнды дүниелер жайлы Стив Джобстың соңғы сөздері (миллиардер 56 жасында қайтыс болған):


"Мен іскерлік әлемде адам нанғысыз жетістікке жеттім. Басқалар үшін менің өмірім жетістіктің ордасындай.


Алайда, жұмысты айтпағанда, бақытқа кенелген сәттерім өте аз. Түптеп келгенде, байлық — менің бойым үйреніп кеткен өмірдің бір қыры ғана.


Қазір төсекке таңылған науқас күйімде өткен өмірімді көп ойлаймын. Мендегі байлық пен атақ-даңқтың адам баласы қашып құтылмас ажалдың алдында ешқандай мәні де, қауқары да жоқ.


5 маңызды мәселені атап өтейін:


1. Балаларыңызды байлыққа емес, бақытты болуға үйретіңіз. Сонда өскенде, дүниенің құнын емес, құндылығын білетін болады.


2. Жаныңызға дәру болатын асты ішіңіз. Әйтпесе, дәрі-дәрмек тағамыңызға айналуы мүмкін.


3. Шын сүйетін жандар сізді ешқашан тастамайды. Сізден бас тартудың 100 себебі болса да, ол адам сізді жалғыз қалдырмаудың бір себебін табады.


4. Адам мен адамгершіліктің айырмашылығы жер мен көктей.


5. Егер жылдам жүргіңіз келсе, жалғыз барыңыз! Ал алысқа барғыңыз келсе, бірге барыңыз!


Әлемнің ең мықты 6 емшісі:


1. Күн сәулесі
2. Демалыс
3. Спорттық жаттығулар
4. Диета
5. Өз-өзіңе деген сенімділік
6. Достар


Осы алтауы өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналсын. Салауатты өмірдің рахатын көріңіз".


Стив Джобс




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу