file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  17.01.2023
  643


Алматым - алғашқы махаббатым

Алматым – менің ең алғашқы, саф махаббатым,
Сыйлар елге нұрға толы, жанға жайлы шапағатын.
Кетпейді есімнен сол бір сәт,
Бөленген қалам, берген кезде өзгелерге шарапатын.
 
Алматым – менің әсем, мың құбылмалы киелі өлкем,
Шабытың қайда жатыр деп сұраса, сені көрсетер ем.
Алматының бір түніне татитындай жер қайда десе,
Жоқ ғаламда мың бір түнін өткізсең де дер ем.
 
Алматым – менің жұлдызым бол,  жалынайын,
Сен мұңайсаң да, Алматым, біргемін, жұбатайын.
Сен қуансаң да, мерейлім, қасыңнан табылайын,  
Алматым, әсем қалам,  саған жүрегіммен бағынайын.

Алматым - мен едім, мен, саған ғашық болған,
Тауларыңнан ләззат алып, көңілім шабытқа толған.
Сен секілді жер жәннәтін қайдан тапсам болады екен,
Сенің топырағыңды баспасам, гүлің болам, шөлдеп солған.

Алматым - менің жүрегімнің астанасы,
Жаныма демеу, түнгі лирикамның бастамасы.
Алатаудың шыңына бір қарасам рахат тауып,
Сыйлаған ұштырған сезімдерін, мағыналы сөз сарасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу