file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.12.2022
  906


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Жеңіл жүрістілер.

Қыз қалтасы арсыздан ісінгенде,
Істеріне, басамын мысымды елде.
Бәріненде, әкесі, баласындай,
Уысына, жандарды түсіргенде!


Сүйіп қалдым дегендер, жас баланы,
Көбейіп тұр, бұл күнде масқаралы.
Ана сүті аузынан кетпеген ұл,
Ертең қалай апасын басқарады?!


Жанұялы жігіттен жанын бағып,
Жүрген қыз көп, бір сәтке шаңын қағып.
Мұндайларды, тірідей Алла қарғап,
Денсаулықтың қояды шамын шағып!


Көп болып тұр, бұл жолды иеленген,
Заңдылық боп, кей жерде жүйеленген.
Місе тұтпей күйеуін жүргенде бар,
Жуыспасты мұндайға, ие көрген!


Қу қызығы айналып, киеліге,
Өшпейтұғын дақ салып, сүйегіне.
Жүрген әпке, сіңлілер бұлаң қағып,
Солай жүрсе өз қызы сүйеді ме?


Күнім демей, өмірдің дүрбелеңін,
Бақыт көрді өзгенің күн көрерін.
Әлеміне әлімен сыйған қыздар,
Білсе шіркін..!
Өзінен күн өлерін…!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Амира
Амира 28.12.2022 21:48
Балта

Пікір жазу