file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.12.2022
  224


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Суы қатпайтын Көлбұлағымда....

Суы қатпайтын Көлбұлағымда,
Қауымы қайда Қайнардың?!
Ертегі болған ел құлағында,
Есіл жұртымнан айналдым.
Қайнардың басы саялы маңы,
Бар еді ғажап терек бір.
Бабаларымыз баяғыдағы,
Шертіпті соған бөлек сыр.
Қайнардан ішіп...
Таңдайы кеуіп
Қалғанда алған бір тыным.
Ілетін болған арнайы келіп,
Кесілген басын жылқының.
Күреңнің басы,
Қасқаның басы,
Қараның, жирен, құланың...
Терек сырласы,
Таста мұңдасы,
Құлазып қарап тұрамын.
Жаралған таудай әппақ анадан,
Терегім бөлек тұлғасың.
Ғасырлар бойы сақтаған аман,
Арғымақтардың қу басын.
Санамда сырлы алаңдап түрлі ой,
Жапырақ сүйді жасымды.
Жылқы болып та жаралмаппын ғой,
Іліп кетер ем басымды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу