Өлеңдер ✍️

  28.12.2022
  137


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Мен өлгелі туылдым....

Мен өлгелі туылдым,
Туылу үшін деп сен өлдің.
Айта алмай аузым буылды,
Құдіретін сезгелі өлеңнің.
 
Қабірлер ертерек қазылған,
Мықтардың тағдырын түсінем.
Кітаптар өтірік жазылған,
Күрсініп қояды ішінен.
“Кітаптар киелі...”
Жарайды,
Ал менің неліктен мұз ішім.
Мазмұндар мүсіркеп қарайды,
Надандық үйренген біз үшін...
Хат жазып қалдырмай тасты ойып,
Шырқамай шындықсыз соқыр ән.
Мен мынау далама бас қойып,
Кітапқа жазылмай оқылам!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу