file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.12.2022
  156


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Бір уыс құм...

Бір уыс құм...
Алақаным тесіліп,
Түйіршіктер қалды жылап сусыған.
Ақымақпын өзімді өзім кешіріп,
Айналамнан өп-өтірік қымсынам.
Көкірегім көк аспанды жүгендеп,
Қара қоста ғалам жайлы ойланам.
Бар өнерім жұлдыздарды түгендеп,
Көкке қарап қой бағам.
Құс қондырып,
Суды ұйықтаттым жырласам,
 
Жел толтырып шұрық тесік дорбама.
Әр таң сайын «әлауләйлап» қырды асам,
Жеткен жерім сол ма, аға?!
Темекімнің түтінінде шер мен мұң,
Күйкі өмірдің күйігіне сүйіндім.
Батыр өлген...
Жалғыз ақын – ол менмін,
Ханың қайда, биің кім?!
Дүрсілдейді қабірлердің жүрегі,
Жылдар жайлы сөйлемекке кешегі.
Құрығымның көлеңкесі біледі,
Мың жылдықтың есебін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу