file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.12.2022
  199


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Самұрық құс жылады....

Самұрық құс жылады,
Кеше...
Жаңбыр...
Ескі лашық маңынан еседі ән жыр.
Жеті ықлым жайында күй тыңдайды,
Жетім шырақ нұр құсып көшеде әрбір.
Сансыз қылмыс жасырып жалаңаш түн,
Өзімді өзім өзімнен ала қаштым.
Дауыл тұрды екпіні бет қаратпай,
Жерге тиіп бұтағы нән ағаштың.
Ысқырық жел басылып...
Қос балапан,
Тағдырына бір тағдыр тосты алақан.
Сол жайында көбірек күбірлейтін,
Өріміне өмірін қосқан атам.
Самұрық құс күліпті...
Қар жауды ерке,
Жамылды әппақ дүние ардан көрпе.
Күлкі жауған түн бүгін...
Қандай ғажап,
Жазбай тұра тұрайын жалғанды ерте.
Самұрық құс күліпті!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу