file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  28.12.2022
  141


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Түк көрмегендей таңдай қақтырып тау елін....

Түк көрмегендей таңдай қақтырып тау елін,
Айғыздап бірақ әппақ қырқаның сау өңін.
Ақ жаңбыр құйды,
Айхай дүние,
Ақпанда...
Әуедегі өлең ақ қардың бұзып әуенін.
Үрейге міндік,
Мезгілсіз жауған нұр сынды,
Тереңнен болжап көкірегімен тылсымды.
Сабырмен қарап алапат мынау жаңбырға,
Бастарын шайқап қариялар үнсіз күрсінді.
Таппады тыным тақылдауменен таңдай түк,
Ақ нөсер тұрды қасиетінен мән қайтып.
Әжем отырды иіріп жеңіл ұршығын,
Бала күнінде шілдеде жауған қарды айтып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу