20.12.2022
755
Адамның өз-өзіне дем салуы.
Кез келген ауырған адам алдымен өз-өзіне дем салып, кейін дәрігердің көмегіне жүгінуіне болады. Ол үшін науқас ауырып тұрған жерге қолын қойып Құранның анасы болған «Фатиха» сүресін жеті рет оқуы керек. Сонымен бірге, суға, балға «Фатиха» сүресін 7 рет оқып, үрлеп, кейін ішуіне де болады. Бұдан бөлек, ауырған жеріне қолын қойып, «Иә, Алла, адамдардың Раббысы, кеселдерді кетіруші, сауықтыр! Сен – Шипагерсің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ, бұдан кейін ауру қалмайтындай сауықтыр!» /Аллаһумма, Раббан-нәәси, музһибәл-бә'си, ишфи Әнтәш-Шәәфи, лә шәәфиә иллә Әнта шифәә'ән лә юғадиру сақаман!/- деген дұғаны оқыса да, Алланың қалауымен дертіне шипа табады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter