09.12.2022
  112


Анель Талғат

Құрбан айт-құтты мереке!

Алла тағала қияметте былай дейді:
– Уа, Адам ұрпағы, мен ауырғанда неліктен менің көңілімді сұрап келмедің?
– Уа, Аллам, сен ауырып-сырқамайтын бүкіл әлемдердің Раббысы емессің бе? Мен сенің көңіліңді қалай сұрамақпын?
– Пәленше құлым ауырғанда, көңілін сұрап бармағаныңды білесің бе? Егер соның көңілін сұрап барғаныңда, мені сол құлымның жанынан табатын едің.
– Уа, Адам ұрпағы, мен сенен тамақ сұрағанда, бір үзім нан берместен, мені құр қол қайтардың.
– Уа, Аллам, сен еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ бүкіл әлемдердің Раббысы емессің бе? Мен сені қалай тамақтандырмақпын?
– Пәленше құлым сенен тамақ сұрағанда, қолын құр қайтарғаныңды білесің бе? Сол құлыма тамақ бергеніңде, мені оның жанынан табатын едің.
– Уа, Адам ұрпағы, мен шөлдеп сенен сусын сұрағанымда неліктен су беріп, шөлімді қандырмадың?
– Уа, Аллам, сен еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ бүкіл әлемдердің Раббысы емессің бе? Мен саған қалай су бермекпін?
– Пәленше құлым шөл қысып су сұрағанда, сен сусын бермей қойғаныңды білесің бе? Егер сол құлымның шөлін қандырғаныңда, мені соның жанынан табатын едің.


Құрбан айт дегенде адам болмысында осындай таным-түсінік болса жақсы. Құрбан шалу дегенді тек қой сойып, қан шығару деп тар шеңберде қарамау керек.
Бір мезет мына күйбін тірлікте әз басымыздан асып, айналаға көмек қылып, ел-жұртты мейірімге бөлеп, адам баласына шуағымызды төге алсақ, құрбандық дегеніміз сол болады.


     
                                    Анель Талғат




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу