file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  02.12.2022
  642


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Білесіңдер ме?

Білемін дейсің.
Дұрыстап, танымайсың да!
Жақсысың дейсің, шынымен танымайсың ба?
Жасаған кейбір, істерім, сөздерім мүмкін,
Тартқанда шығар,жатқанда, жаның қай сында?


Тұйықсың дейсің.
Ашылып, айта бермейтін,
Айтылмас сырлар, шықпайды, айта бер мейлің.
Таяқты әбден, жегенмін өкініштерден,
Менде де, бір-ақ, өмір бар қайта келмейтін!


Ақкөңіл дейсің,
Тұнған бой, мейірімдерден,
Адаммын менде, Алладан мейірім көрген.
Болайын десем қызғаншақ, кейбір сәттерде,
О баста мені, жасапты пейілі кеңнен!


Қатыгез дейсің.
Жымиып білмейді жүзің,
Езуді ұстап, тек іште өрлейді сезім.
Шынайы кейде қуансам, шарықтап шат боп,
Жақсылықтарды ұзақ күн көрмейді көзім.


Осындай менің,
Бар кейпім, білесіңдер ме?
Бір әлем болып, масқара жүресің деме.
Әсілі іштей, қып-қызыл жылауықпын,
Түр жасап алам, әр түрлі, күресулерде…!



  •  



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу