Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.11.2022
142
Тебіренгенде телегейім
Ақыл мен сезім жататын,
Негіз бар менің кеудемде.
Тамшыдан толқын ататын,
Теңіз бар менің кеудемде.
Жан айдынымды шайқама,
Шағалаларым шулайды.
Шерімді шертіп байқама,
Теңізім шапшып тулайды.
Толқынның жалын сипасаң,
Тоңғыршықтамай сиды ұғар.
Бұлт болып басып қинасаң,
Аждаһа болып ширығар.
Жартасты жақпар сүйеді ол,
Шапалақ боп та тыйеді ол.
Тебіренгіш телегейіме
Түсінген жандар ие бол!
Терең боп мұндай кім шыдар?
Түн сүңгіп оған, күн шығар.
Доңбекшіп жатып бір күні
Тыншығар ол да, тыншығар!
—Амантай Әбдіқанұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter