27.11.2022
267

Қазақ көкек құсына тиіспейді. Аңыз бойынша, көкек адам екен. Бір ауылға күйеу келіп жатады. Аяқ астынан аты жоғалады. Қалыңдықтың сіңлісі жездесінің атын тауып әкелуге шығады. Үйден шығарда асығып жүріп шатасып, бір аяғына өзінің, бір аяғына күйеудің етігін киіп кетеді. Сол қыз айдалада көкек құсқа айналып кетеді. Көкектің бір аяғы қызыл, бір аяғы көк болатыны содан екен. Ат іздеп шығып, жоғалған қыздан пайда болған көкек те аты жоқ құс аталады. Киелі құс санатына жатады. Көкек қонған ағаштың бұтағын сындырып алып, майы мол болады деген ұғыммен іркітке салады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇