27.11.2022
60

Қаз тұрып апыл-тапыл жүре бастаған баланың тұсауы салтанатты түрде кесіледі. Бұл «Тұсау кесер тойы» деп аталады. Баланың аяғы ала жіппен тұсалып, байланады да, оны сол ауылдың желаяқ, жылпың қадірлі кісілердің бірі кеседі. Сонан кейін сәбиді әрі-бері жетелеп жүргізеді. Тұсауы кесілетін баланың қалтасына тәтті тағамдар, күміс тиындар сықап салынады. Тұсауы кесілген соң тойға келгендер мұны таратып алады. Тұсау кесілмесе—бала сүріншек болады, үлкейгенде топ ауруына шалдығады деп ырымдалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇