Өлеңдер ✍️

  27.11.2022
  445


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Асылдың ұрпақтары

 


Сенде тудым.
Болмасаң сенделемін,
Сүйенішім, сүйерім, сендер едің.
Тіктеп келем, бойымды саған қарап,
Берерім көп, көп әлі елге менің.


Елсіз, жерсіз, адамның құны барма?
Елден шығар құлдар да, ұлыларда.
Бәрі жақсы біздерде деп мақтансам,
Жақпайтынын білемін мұңы барға!


Бай- кедей боп бөлінген, сын батады,
Орта таптың азайды, шын қатары.
Жомарт елдің ішінде, Жомарт көкем…
Орнатады ертең-ақ, сымбат әлі.


Түнекте көп біздерде, нұр да басым,
Үмітінен күтетін, бір дауасын.
Дұшпаны да, келгенде есігіне,
Сыйлай білген ұмытып, мұң наласын.


Сынақ дейтін түскенде, сын шақтары,
Құлап кейпін бұзбайтын, сыр сақтады.
Төзе білген, бірлігі, елі үшін,
Сендер ғана асылдың ұрпақтары!


Көрер едім, фәнидің қай дүрмегін?
Қызығын да, бермес ед(і), қайғым менің.
Қазақ болып тумасам, бауырыңда
Адам болып, келер м(е) ем, әй білмедім…?


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу