Шығармалар ✍️
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР БОЛАШАҒЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел игілігі мен тұрақтылығы үшін жолданған соңғы жолдауы халықты біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдырып, қоғамды іргерлетуге бағытталды. «Жаңа Қазақстан» бастамасы еліміздің қайта жандануына, орын алған оқылықтардың орнын толтыруға және жастар мәселесінің жол ашары әрі бастамасы болары хақ.
Осы идея бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, тарих факультетінің тарих-география мамандығының 1-курс магистранттарына «Жаңа Қазақстандағы жастар болашағы» деген тақырыпта кураторлық сағат ұйымдастырылды. Кураторлық сағатта еліміздегі жастар саясаты және олардың бүгіні мен ертеңі туралы ой қозғалып, магистранттарымыз өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Жастар мемлекетіміздің болашағы ретінде дамуы Президентіміздің жолдауын да талданып, жоспарлы бағдарламалардың тиімділігі мен артықшылықтары сараланды.Сонымен қатар, кураторлық сағат барысында еліміздің тұрақтылығының негізгі кілті – әлеуметтік мемлекет құру, баға тұрақсыздығы мен қымбатшылықты бір арнаға тоғыстыру, әділетсіз жүйені жою, елдің ішкі қауіпсіздігі мен сыртқы қорғанысымызды қалыпқа келтіру жайында сөз қозғалды. Тәуелсіздік алып, шаңырағы бөлек ел болып, 30 жылдық тарихты алтын әріптермен жазып, көштен қалмай, Керей мен Жәнібектің сара жолын жалғай отырып, даралану жолында біраз еңбек қажет екенің еліміздегі әрбір ұлтжанды тұлғаның ұғынары анық.
Қазіргі таңда халықымыз тұтынатын тауарлардың көпшілігі импорттық жолмен келеді. Болашақ тарих-география мамандары ретінде магистранттар еліміздің тарихи жер-қойнауы мен табиғи қазба-байлықтардың молдығына, олардың маңыздылығына тоқтала келе, шикізаттарды өзімізде өндірсек, еліміздегі шығын азаятындығын атап өтті.
Магистранттардың ортақ түйіскен пікірлері бойынша саяси жүйе авторитарлық емес, демократиялық бағытта басымдық алса жаңа Қазақстанның баспалдағы әділ құрылатындығына кәміл сенімді. Оның алғашқы бастамасы халықтың қабылдауымен президентіміздің енгізген жаңа реформалары. Мемлекет басшысы бұл жөнінде: «Қазақстанда демократияның осынау тиімді институты толық пайдаланылмады. Ал жаңа Қазақстанды құрудың жаңа кезеңінде біз еліміз үшін осындай тағдырлы шешімдерді көпшілік алдында қабылдауға тиіспіз» деген болатын.Бұл реформалар бастапқыда қалыптасқан мемлекеттік модельді оң жағынан трансформациялайтыны анық.Еліміздегі әр азаматтың, әсіресе, жастардың жаңа Қазақстанның құрылуында себепші екенін, еліміз дамудың жаңа сатысында тұрғандығын ұғынып, жауапкершілік алуы тиіс. Осы орайда, университет қабырғасында мемлекет басшысының бастамалары негізге алынып, студенттер, магистранттар арасында ғылыми жобалар мен дөңгелек үстелдер, танымдық өзара пікір алмасулардың өткізіліп отырғаны өте маңызды.
Жаңашылдыққа бағытталған жаңа белестін алғашқы қадамы – Президент сайлауы. Атаулы оқиға 20 қараша күні өткізілді. Еліміздің біртұтастығы мен ауызбіршілігінің арқасында халқымыз кезектен тыс Президент сайлауына бір адамдай белсенділік танытты. Президенттікке алты тұлға үміткер ретінде қатысты. Осы жылғы сайлау мен үшін ерекше болғанын да айта кеткенім жөн. Себебі, өзім осы сайлауда «Тәуелсіз сарапшы» қызметі бойынша белсенділік таныттым. Кәмелетке толған жастарымыздан бастап, еңкейген қарияларымызға дейін сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады. Сайлаудың нәтижесінде 82,45 % дауыспен ҚР Президентті ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қайта сайланды.
Белгілі идеолог тұлға Махатма Гандидің «Әлемді өзгерткін келсе, өзіңнен баста» деген сөзі бар. Бұл турасында еліміз оң жолда екені анық. Қазақстан – жаңа бастаманың жаршысы болуға ұмтылып келе жатқан жасампаз ел.Іргемізді бекітіп, еңсезімді тіктедік. Келешекте ұлан байтақ жеріміз бен бай мәдениетіміздің таныту, ұлттық құндылықтарымызды бойымызға сіңіру маңызды. Жаңа Қазақстан – тұрақтылық пен дамуға, қауіпсіздік пен жаңаруға алып барарына сеніміміз мол!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Профессор м.а Козғамбаева Г.Б
тарих факультетінің 1 курс магистранты Баян Н.Е.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter