Өлеңдер ✍️

Бүгінгі кіші, ертеңгі кісі.
Дегені болып, тұрса да, көктен күн шығып,
Күнұзақ көркем, жүрсе де, ойнап құлшынып.
Жабырқап жүдеп, көңілі түнде жетімнің,
Анасын аңсап, көрпесін құшар тұншығып.
Көрмеген ешбір анаға, қиял ұмсынып,
Балалар жатар, бірінен-бірі қымсынып.
Жетімдер үйі, бал беріп баптап бақса да,
Сағыныш дертпен, жүреді іштей мұң сығып.
Тас жетім бәрі, жақыны кеткен жыраққа,
Ауыру бірі, көбісі сап-сау бірақ та!
Неліктен сәби, тартыстан ата-ананың,
Жазасын алып, түсуі керек сынаққа?!
Нағашы жұртта, өсіріп тағы қаталдық,
Тірідей жетім, кейпіне қайта маталдық.
Болғанмен адал, жеңгенмен жауды не пайда?
Отбасын аңсап, перзентің ілсе қаһар жүк!
Бүгінгі кіші, ертеңгі кісі адамзат,
Жеткенде күнің, өткенді өртер мазаңд(ы) ап!
Жетімдер үйі, жетімдер күйі тоқтамай,
Қарттардың үйі, қалана берер жазаң боп!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇