Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  226


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Ескерткіштің түбінде

Оян бабам, бір аунап жат, келді ұрпағың қасыңа,
Илан маған, жалғастырам, есіміңді жасыма.
Болат қаскаң, сұр шинелің, бес қаруың асынған,
Аңыз болып айтылады ғасырлардан ғасырға
Тасты қашап, ойып жазған есімдердің тізбегін,
Көзбен тінтіп келген сайын өзіңді әке іздедім.
Қиял кештім, қиян кездім, іздеріңді іздедім,
Сен туралы дерек тыңдап, күдерімді үзбедім.
Оян бабам, бір аунап жат, өлген жоқсың тірісің,
Жүрегіңмін соғып тұрған, алып тұрған тынысың.
Отан үшін болдың құрбан, сондығынан ұлысың,
Ұрпақ үшін болдың құрбан содан мәңгі тірісің.
Оян бабам, бір аунап жат Жеңіс күні келгенде
Ескерткішті шыр айналып ұшса торғай ол мен де.
Шымырламай қалмас жүрек ескерткішті көргенде,
Шыр-шыр еткен бозторғайды, сені іздеген ол мен де.
Тоқта ұлан, сәл аялда ескерткішке келгенде,
Жаса тағзым, бұл ескерткіш Отан үшін өлгендер.
Тыңда балам, ешқашанда, соғыс-өртке жол берме,
Ата-бабаң қаруын ал, елге қатер төнгенде.


Жанталасқан жауыздарға ұлтарақтай жер берме,
Жалғыз жауға жер бастырма кеңірдектен шеңгелде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу