Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  257


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Қаламгер, Журналистер күніңмен!

Қалтқысыз қызмет қып халқыңа,
Қаламымен із қалдырған артына.
Бәрі, бәрі арқаларың сіздердің,
Ел алдына шықса біреу жарқырап.
Жүректерге жетіп жатса сөздерің,
Ел рухын көтеретін өздерің.
Өзекті ойды қаламына арқау ғып,
Қаламгерлер қамын жейді өзгенің.
Адам жаны инженері - мықтылар,
Бар ғұмырын тек халқына ұтқызар.
Жаныңыздың жайлауына еніп ап,
Рухани бал-шырыңды жұтқызар.
Жанын мүжіп, кемірсе ой-санасын,
Жазса ғана жаны тыншу табатын.
Көкірегін көрік қылған қаламгер,
Журналистер артында із қалатын.
Қолдарынан қағаз-қалам түспейтін,
Рухани жан-азықты үстейтін.
Жай адамнан биігірек тұратын,
Журналисті мойындамас іштей кім?
Айырмайтын күндізің не, түнің не,
Халқы үшін еңбек етіп сүрінген.
Дарындылар санатына ілінген,
Қаламгерлер, Журналистер күніңмен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу