file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  184


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Бөбектер - мәңгілігім

Бүлдіршінім, бөбегім, балапаным,
Жапырағым жайылған болашағым,
Аяласын анаңның алақаны,
Күліп атсын жарқырап жаңа таңың!
Былдыр-былдыр сөйлеген сөздеріңнен,
Айналайын, бейкүнә көздеріңнен.
Сенің тәтті исіңнің теңеуі жоқ,
Тәттілігін иіскеп сезгенмін мен.
Айналайын, бөбегім, қылығыңнан,
Мейірімді сезіп өс сыбырымнан.
Қызығыңды қызықтап мен өтейін,
Тайғанымша кәрілік тұғырымнан.
Болашағым бөбектер мәңгілігім,
Сендерге арнап жазамын әнді бүгін.
Мен қартайып кедемін өздеріңе,
Аударылып арқамнан қалды жүгім.
Отан жүгін өздерің көтеретін,
Өздеріңді Отан тұр мәпелейтін,
Бақытты боп өсіңдер бүлдіршіндер,
Сендерсіңдер жаңа өмір әкелетін.
Ұрпақтарым соғысты көрмеңіздер,
Жамандыққа ешқандай ермеңіздер.
Егеменді елімнің көк байрағын,
Қанды қолға ешқашан бермеңіздер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу