Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.11.2022
157

Құтты болсын, баспасөз үйіңіз!
Баспасөз үйін келіп көрелік,
Көрімдігін өлең-жырдан берелік.
Жаңа орында редакция алқасы,
Жемісті еңбек атқарар деп сенелік.
Құтты болсын жаңа мекен жайыңыз,
Өлең болсын бізден бұйымтайыңыз.
Үлкен келер, кіші келер үмітпен,
Әрқашан да өстіп құшақ жайыңыз.
Ашып қалсам «Қызыл тудың» айнасын,
Еңбекшінің жүзі бұл-бұл жайнасын.
Ұялатын болсын оқып газетті,
Ойлайтындар қара бастың пайдасын.
Газет бетін алып келіп қалғанда,
Еңбеккердің тұр келбетін көрелік.
Балта шауып өтірік пен жалғанга,
Семсер сынмен сыбагасын берелік!
Асығыстау өлең шумақ құрадым,
Оңашада туар болар жыр алып.
Жылы қабақ танытсаңыз Үлкен үй,
Анда-санда келіп кетіп тұралық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter