Өлеңдер ✍️
Әйелді сүю керек
Сөзін жазған Айтбек Әліпов,
Әнің жазған, орындаған Анарбек Қозыбақов.
Әйелге мейірімді үйіп берген,
Бау бақшасын тәнті етіп, жиып берген.
Көрік берген, көркем етіп өн бойына,
Нәзіктігін қылдай ғып, құйып берген.
Әйелді сүю керек,
Сүю керек.
Еркелетіп,
Құшаққа қысу керек.
Жан жылуын сезініп,
Қымбат жанның.
Не қаларын жүрекпен ұғу керек,
Ұғу керек.
Өмірдің қызғалдағы,
Гүлі де сол.
Өмірдің шуақ шашар,
Нұры да сол.
Әйелсіз өткен өмір,
Тірлік емес.
Әйелді құшпай кеткен,
Еркек емес.
Әйелді сүю керек,
Сүю керек.
Еркелетіп,
Құшаққа қысу керек.
Жан жылуын сезініп,
Қымбат жанның.
Не қаларын жүрекпен ұғу керек,
Ұғу керек.
Әйелге қамқорлықты төгу керек,
Сұрағаның әкеліп беру керек.
Жаурамасын, жалықпасын,
Еш нәрседен тарықпасын.
Әйелдің мойнына жүктелген жүк,
Аз емес, оны да ұғынып қою керек.
Алыс кетсе сапарға, аптығасың, (2-рет)
Сезім таппай келгенше тарығарсың.
Құлазиды көңіл шіркін бір сәтте,
Жылы сөзін, мейірімін сағынасың, сағынарсың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter