file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  02.11.2022
  710


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Жұбату

 


Шаршатты ма?
Өмір сізді жылусыз?
Бітпес қарыз, бітпес жан-жал тұңғиық.
Бүгін сізде, бақыт жүрсе, жұғымсыз,
Ұмытпаңыз, алда барын бір биік.


 


Шаршамаңыз.
Қисыны жоқ тірлікке,
Бұл өмір сын, жаныңызды егейтін.
Күрсінуде, болар түбі бір нүкте…
Кесел болсаң, бұл жалған да, өгей тым.


 


Жүдемеңіз.
Жымиыңыз жәй ғана,
Тек, сіз емес, таңдарына сыз батқан.
Жетіспеуден, келіспеумен айнала,
Күн өкпелеп, көңіліне мұз қатқан.


 


Ренжімеңіз,
Сіз тұлғасыз, бір айдын,
Жан дауыңды, жанарыңды жұбатқын.
Жазымышы, болар жалғыз құдайдың,
Төзім, мейір, кілті екен жұмақтың!


 


Қара да тұр!
Шешіліп күн шарасыз,
Таң қаласыз, орындалып, арман күн.
Ес жиыңыз, жүдеп, тозып барасыз,
Кектейтұғын, жетпейтұғын жалған бұл!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу