Өлеңдер ✍️
Еліктейміз, неге осы өзгеге?
Салтымызға, сіңбек болып, жат кеп жүр,
Көп дүмшеміз, Арабтай бет, жап деп жүр.
Ұзын киіп, әурет жапқан жат емес,
Қара киген қазақ қызы, қат боп жүр.
Жері ыстық, құмы боран Арабта,
Әйел, еркек, бетін бекер орап па?!
Еліктейміз неге осы өзгеге?
Мисыз қазақ,- деген осы, зор ат па?!
Ол халықтар, бұрын пұтқа табынған,
Екі қыздың, бірін көміп қағынған.
Тарихи жад, қалып қойған қанында,
Әйел қызға, күн болмаған жағынған!
Ал Қазақта, ырыс алды,-қыз деген,
Қыз қонақ деп, күткен жылы жүзбенен.
Киіп басқа, тақияны сызылып,
Сауыт киіп, жауға…, шыққан түзбенен!
Қара киген, байы өлген қазақта,
Хиджап келіп, айналдырды мазаққа.
Бірі сән ғып, бірі көз ғып айласын,
Асырып жүр, көпті салып азапқа!
Дін жолы деп, Араб болып жатпайық,
Білімменен, ұлт-дәстүрін сақтайық.
,,Салты басқа…, қара қасқа иттері”,
Ұлт басқаны, енгізбейік қасқайып!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter