file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  17.10.2022
  480


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Өмірді неге ауырлатамыз?


Неліктен, ауырлатамыз?
Қарыстай өрген, алыстай көрген фәниді,
Тарылтып тыныс, кеудеңіздегі әр үйді.
Таппастан тағат, өткізіп сағат, сасасыз,
Күйгелек күннің, сәулесі қалай жариды?
Алладан кейде, арманды сұрап жатасыз,
Лақтыратындай, аспаннан мә деп, бар күйді.
Сабырлы жандай, санасыз жүрген жандар көп,
Уайымсыздан, мұңы бар ойлы, жан игі,
Ойланбай кейде, айтасыз ауыр, тіл қатып,
Шығарар құран қариды!
Аузың мен қолың, үйлеспей тағы шабасың,
Үркекшіл үнмен, үркітіп бастан бақ игі.
Былғанса тілің, былғанса күнің, тұмандап,
Шуақсыз қалай, өмірге қуат дариды?



Неге, ауырлатамыз?
Үлгісі болар, қайда жүр ауыл атамыз?
Иесі өзің, өзіңе берген ғұмырды,
Тағына қондыр, өшіріп.. болса қатаңыз.
Болса да айлаң, жеңбейсің жалған өмірді,
Сенбесең қара, қайда жүр бабаң аты аңыз….?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу