14.10.2022
  190


Автор: Қастек Баянбай

Кешкілікте

Біз ересек баламыз,
Аппақ жаға-жеңіміз.
Біріншіге барамыз
Биыл күзде көбіміз.
Кейде қызып қанымыз,
Қызарса да шекеміз,
Кешке қарай бәріміз
Ақылды бол кетеміз.

Тымырайып ондайда,
Қайта жымың қағамыз.
Сағат алты болғанда,
Шырт киініп аламыз.
Келсе бізді алуға
Апамыз не көкеміз,
Әлгілердің жанында
Жайраң қағып кетеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу