09.10.2022
  93


Автор: Қазақ ырымдары

Бесікті бейуақытта сыртқа шығармайды. Нәрестені алты айдан асқанша үйде жалғыз қалдырмайды.
Өйткені қараңғылық пен жарық жер бетінде таласып тұрған кезде Бақ пен Сор да тез алмасады. Перілер мен жын соғысып жатады дейді. Осы кезде ұйықтауға да болмайды. Бейуақтың күнәсі жабысады деп ырымдалады. Кіндігі қатпаған сәби осы мезгілде үйде жалғыз жатса, шошынады, перілер баланы алып кетіп, орнына өздерінің ақыл-есі дұрыс емес баласын тастап кетеді деп жориды. Кейде баланың ұрық безі бұзылып, рухынан айырылады, сондықтан қасынан адам үзілмеген жақсы  деп иландырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу