file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  154


Автор: Түрік поэзиясы

ЕСКЕ ТҮСІРУ

І
Дайын ұстар кебінін
Бір əкенің ұлы едік,
Бір жағымызға жүрген кезде
Гүл егіп,
Бір жағымыз өмір еді
Кəдімгі,
Қиялымыз шыққа талай
малынды.
Көрші бар-ды,
Ибрагим есімі,
Əрқашан да ашық еді есігі.
Үйімізде кітап бар-ды тағы да,
Соны оқушы ек
Барлығымыз жабыла.
Қонақ келсе
Қоржын толы дастанға,
Төбеміз сəл жетпеуші еді-ау
Аспанға.
Талай түнге
Жалықпаушы ек тыңдаудан,
Бақытты шақ,
Бал кездер-ай
Ұрланған!
ІІ
Қай жерлерге апармады мені өлең?
Жету бөлек, қайту бөлек көнеден.
Сіріңкенің қорабындай ғимарат,
Шаршаттың-ау сезімімді қинап-ақ.
Бірақ қанша сүрлігейін бас қатып,
Өлеңімнен болған емес басқа түк.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу