Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
195

ҚАЛА
Көп бөлмелі биік үйлер
бар сенде,
Қатыгезсің,
қарамайсың өлсем де.
Гүл бағың жоқ жан жұбатар,
налимын,
Терезеңнен
Қасіретті танимын.
Ешкім білмес
Қалай қарай жүрерін...
Ей, сұм қала,
Тастан ба еді жүрегің?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter