Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
577

САҒАН ДЕГЕН САҒЫНЫШ
Уақыт шіркін күнде иірер ұршығын,
Біле алмадым бұл өмірдің қыр-сырын.
Саған сырлар ақтарып ем, ішімде,
Жылдар бойы асыраған шымшығым.
Сен кеткелі теңіз болып туладым,
Өзіңді іздеп шағаладай шуладым.
Өзекті өртеп саған деген сағыныш,
Тарқағандай салтанатым, думаным.
Сен кеткелі мұң боп кетті үмітім,
Жаратқаннан күтудемін бір үкім.
Жылдар бойы асыраған шымшығым,
Сені іздеймін елеңдеумен күні-түн.
Сыртым дүрдей болғанменен жалын іш,
Сезімімді жылдар, көкке алып ұш.
Көңілдегі гүлдерімді сарғайтты,
Менде қалған саған деген сағыныш.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter