file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  313


Автор: Түрік поэзиясы

АРАЛДЫ ЖОҚТАУ

Якуп Демирелоғлыға
Түсімде Аралдың мұңын көрдім не түрлі,
Аралдың қайғысы терең.
Мағжанның Шолпаны секілді
Тұңғиық ол бір əлем.
Қайраңда қалған қайықтар
Еске алды ескі күндерін
Інжу-маржанды төсіне Ай ұйықтар,
Қайда сол бақытты түндерің.
Аралдың суы кейде қан сияқты...
Жаралы киіктей көзінен күй ақты.
Сөйтсек көлдер де өледі екен ғой,
Аққу сияқты, адам сияқты.
Теңізден безген көрдім маралды,
Іздейді ол да Аралды.
Аралда мен де туғанмын,
Аралдан ол да жаралды.
Теңізді ол да іздейді,
Теңізді мен де іздеймін.
Күдерін ол да үзбейді,
Үмітті мен де үзбеймін.
Оңым Каспий, солым Еділ,
Тамған кіндік қаным Еділ,
Басымдағы бағым Еділ.
Түгесілді білтесі шамның,
Қайда сонау алтын шағың Еділ.
Шараңа қымыз тұнды Арал,
Пəкизат қыз сынды Арал.
Жат қолында қалды Арал,
Жер астына сіңді Арал.
Дəурен өтеді, керуен көшеді,
Арал дерттеніп бір у ішеді
«Аһ!», неге бəрін кеш түсіндім мен,
Сүйгенім үшін жазыкты болғаным
Есіме түседі, есіме түседі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу