file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  188


Автор: Түрік поэзиясы

ӨМІРІМНЕН ӨТКЕРГЕН....

Өмірімнен өткерген үйрендім мен бір нəрсе:
Не өтсе де басыңнан жігер қажып жасыма.
Ғашық болсаң жанып сүй, қалғаны құр далбаса,
Жауға тисең өрттей ти, зəре құтын қашыра.
Даналықтың өзіндей көк аспанның дидары,
Балаңдықпен айтарын кім ұғып, кім жинады?
Сезіне алсаң өмірді сезінгендей өзіңді,
Күллі ғалам, тіршілік құшағыңа сиғаны.
Дос болдың ба, достыққа адал болғын барынша,
Жеңдім деп біл жанжалда, қасың жылап жалынса.
Тынығудың атасы сол болады, бауырым,
Көгалды не құм сынды жататын жер табылса,
Болсын десең жан сұлу əсем əуен тыңдағын,
Сезінгенше бойыңда айнакөлдей тұнғанын.
Айдынына теңіздің балық болып сүңгігін,
Босқа өтпейді тек сонда айларың мен жылдарың.
Алыс ел мен бейтаныс жандар болсын құмарың,
Ұмтылғын көп білуге, кітап болып сыңарың.
Бір аяқ су ішуден артық бақыт бар ма екен,
Соны ұмытсаң ақиқат биігіңнен құларың.
Қайғы келсе, салмағын көтере біл иықпен,
Жетілсе адам жетілер қасіретпен, күйікпен.
Ағысына өмірдің қаныңменен аралас,
Қаны болсын өмірдің тамырыңды иіткен.
Өмірімнен өткерген үйрендім мен бір нəрсе:
Түсінгенге табиғат еш таршылық қылмайды.
Өмір үшін ең үлкен тарту болса тіршілік,
Адам үшін өмірден үлкен тарту болмайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу