file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  145


Автор: Түрік поэзиясы

ТАПСА ЕГЕР...

Көңіл тапса шөлдеп Сені,
Жоқты іздемес жер-көктегі.
Ғашық жалын жандырса егер,
Басқа отты көрмек пе еді?
Сені іздеген табары анық,
Ағыс майда, жаға жарық.
Іліммен танып толысты олар,
Өзге суды қана ма алып?!
Орны-орнына қондырдың Сен,
Болмысыңмен болдырдың Сен.
Мұқиттан зор Сені тапқан,
Малтар ма еді көлді көрсе?
Оқылды атың шар-тараптан,
Жүрекке ем қан таратқан.
Шын ниеттен Саған сенген,
Өзге Раббы аңсамақ па?
Жамалыңа қайран қалған,
Жолдан аумас тағдыр салған.
Омарта іздеп əсел тапқан,
Дəм ете ме айран-балдан?
Көріп Оны танығандар,
Жетіп, сүйіп табынғандар,
Есігінде тілек еткен,
Өзгені сұрап сабылған ба?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу