file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  149


Автор: Түрік поэзиясы

Дүние

Біз келмедік тұрақтауға жер бетін,
Керуенбіз кептіретін жел бетін.
Көр-соқырлар көре алмайды бұл жайды,
Жаман қалсын, жақсылықтар төрлесін.
Саудагердей алыс-беріс жасаған,
Бағбан сынды бас көтермей тасадан.
Əуреленіп, күтіп-баптап жемісін,
Өтсек дейміз қыл көпірден бас аман.
Біз келмедік айтыс, талас, тартысқа,
Батып түнге жоғалуға əр тұсқа.
Біз келмедік дүниеқұмар болуға,
Əбілхаят суын ішсек, шалқытса...
Кəхф сахаба ұйықтады үңгірде,
Құт-қуыста Ұлы Сөзді білдірген.
Тірі өліп, жетпей тұрып қабірге,
Келдік азап тарту үшін бір-бірден.
Қанша жандар түсті тұзақ-торына,
Ғашық болып мал-дүниенің жолына,
Түсінеді маңдайына тигенде.
Біздің міндет соқа салу, соныға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу