file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  138


Автор: Түрік поэзиясы

СЕН, СЕН, СЕН

Жалғыз тұрмын тау басында құсалы,
Маңайымда ажал бұлт боп ұшады.
Қарамастан бөгетке сан жолдағы,
Тек сен келсең болғаны...
Көрген сəтте-ақ ұмыттырар қайғыны,
Көзің – бақыт теңізінің айдыны.
Термен тапқан ырыздықты қолдағы
Тек өзіңмен бөлісе алсам болғаны...
Жанға жайлы өзің жайлау самалы,
Сол самал ем жүрегіме жаралы.
Қысып берсе кешке тұман толғағы,
Жанарыма тек сен толсаң болғаны...
Шарасызбын шешуге шер түйінін,
Сен – ерке наз, мен қасірет күйімін.
Деп жүрейін сор түсті оң болжады,
Көрімдігін өзің алсаң болғаны...
Өрт боп тиген сағыныштың алауы,
Шайыр көңіл сен екенін қалауы...
Сезіне алар басқа ешбір жан болмады,
Тек сен сезсең болғаны...
Бір күн дүние көшкенінде басымнан,
Молама кеп мені мəңгі жасырған,
Нəзік талдай бейне бұтақ қолдары,
Сен жыласаң болғаны...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу